ШҚО делегациясы Талдықорғанда мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық үлесті ұлғайту мәселелерін талқылайды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев басқарған аймақ делегациясы бейсенбі, қазанның 29-ында Талдықорғанға келеді.
None
None

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, сапардың мақсаты - тауарларды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық үлесті ұлғайту мәселелерін талқылау. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдіктері арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, қаланың орталық алаңында көрме ұйымдастырылады. Онда келушілер Шығыс Қазақстанның: «Азия Авто» АҚ, «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС және «СемАз» ЖШС автоөнеркәсіп кәсіпорындарының материалдарымен және тауарларымен танысатын болады.

Соңғы жаңалықтар