ШҚО Қалбатау ауылының тұрғындары арасында түйнемені жұқтырудың жаңа фактілері тіркелмеді - ҚР ҰЭМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 15 маусымға Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Қалбатау ауылында адамдардың түйнемемен сырқаттануының 2 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, өлім жағдайлары болған жоқ. Науқастар инфекциялық ауруханада емделуде. Байланыста болғандар (29 адам) профилактикалық мақсатта антибиотикпен емделуді жалғастыруда, науқастар анықталған жоқ (аулаларды аралау және термометрия).
None
None

Ағымдағы жылдың 15 маусымынан Қалбатау ауылы тұрғындарының арасынан түйнеме  жұқтырудың жаңа жағдайлары анықталған жоқ.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті эпидемиологиялық тергеп-тексеру барысында эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізді.

Адамдардың ауруды қалай жұқтырғаны анықталды: инфекция түйнемемен ауырған малдан (сиыр) жұқты. Дерт ағымдағы жылы  5 маусымда ветеринардың қарауынсыз ауру малды сою кезінде адамдарға жұққан.   

Қр ҰЭМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, түйнеме ошағын жою үшін эпидемияға қарсы және ветеринариялық іс-шаралар кешені толық көлемде жүргізілуде.

Жағдай бақылауда. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар