19:42, 30 Қазан 2015 | GMT +5
ШҚО-ның Көкпекті ауданында албырт пен балықтың басқа да бағалы тұқымдары өсіріледі
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Кузмичь» шаруа қожалығы ШҚО Көкпекті ауданындағы Құлынжон ауылдық округінде балықтардың бағалы тұқымдарын өсіру шаруашылығын құруды аяқтап жатыр. Бұл туралы бүгін аймақтың ақпараттық орталығында өткен баспасөз конференциясында Көкпекті ауданының әкімі Рәміл Сағындықов хабарлады.
Аудан әкімінің айтуынша, жобаның құны 70 млн. теңгені құрап отыр. Шаруашылық албырт (арқан балық), көксерке және пелядьті өсіруге маманданады. Бүгінде шаруашылық аумағына балықтардың бұл бағалы тұқымдарын өсіруге арналған бірегей жабдықтар кіргізілді.