ШҚО-ның сел қаупі бар аудандарында ТЖ қызметтері жаттығу өткізді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО ТЖ қызметтері облыстың сел қаупі бар бес ауданында командалық-штабтық жаттығулар өткізді.
None
None

Мұндай аймақтарға Зайсан, Қатон-Қарағай, Үржар, Тарбағатай аудандары және Риддер қаласы жатады.

Жаттығуларда әкімдіктермен және полицейлермен бірге хабарландыру, алдын ала көшірілетін жағдайда өзара хабардар ету, сондай-ақ апаттық-құтқару жұмыстарын өткізу және адамдарды уақытша пункттерде орналастыру мәселелері пысықталды.

Тұтастай алғанда жаттығулар ойдағыдай өтті, деп атап өтеді ТЖ департаменті.

Соңғы жаңалықтар