12:01, 27 Ақпан 2010 | GMT +5
ШҚО-ның таулы аумақтарында қар көшкіні қаупі сақталуда
ӨСКЕМЕН. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар қызметі қардың қалың түсуіне және Шығыс Қазақстан облысының таулы аумақтарындағы қар қабатының бекімеуіне байланысты облыста наурыздың 1-іне дейін қар көшкіні қаупі сақталады деп ескертеді.
Халыққа тауда абай болу, қар көшкінін болдырмау үшін қия беттердегі қар үйінділерінен аулақ болу ескертілді.