ШҚО облыстық мәслихатының хатшысы Василий Ахаев «Барыс» орденімен марапатталды

ӨСКЕМЕН. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Василий Иванович Ахаев «Барыс» орденімен марапатталды және Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы атағын иеленді.
None
None

Өскемен қаласының Орталық мәдениет үйінде мерейтойлық жылдың қорытындысын шығарға арналған салтанатты жиында оған марапатты облыс әкімі Бердібек Сапарбаев табыстады.

Мамандығы бойынша мұғалім, көп жыл бойы мектеп директоры болып қызмет еткен Василий Иванович Ахаев 1997 жылы алғаш рет облыстық мәслихаттың хатшысы болып сайланды. Барлық өткен жылдары ол аймақ дамуына үлкен үлес қосты, елдің шығыс аймағының атынан заңнамалық бастамаларды алға жылжытып, қазақстандық Парламентте талай рет сөз сөйледі. 2006 жылдан бастап «Біздің ортақ үйіміз - Алтай» халықаралық үйлестіру кеңесінің төрағасы болып келеді. Көптеген мемлекеттік марапаттардың иегері.

Биылғы жылдың соңғы салтанатты рәсімінде аймақтың әлеуметтік өмірінің қорытындысы шығарылды. Ең лайықты мәдениет және өнер қайраткерлері төсбелгілері мен Қазақстанның мерейтойлық наградаларымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар