ШҚО өрт сөндірушілері Ресей ТЖМ медальдарымен марапатталды

ӨСКЕМЕН. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндірушілері Ресей Федерациясы ТЖМ медальдарымен марапатталды. Марапаттау туралы бұйрыққа РФ ТЖ министрі Сергей Шойгу қол қойды.
None
None

Кеше Семей қаласының өрт сөндірушілері ресейлік тараптан «Құтқару жолындағы ынтымақтастық үшін» медальдарын алды.

Шығыс Қазақстан ТЖ департаментіің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өткен жылдың қыркүйек айында ШҚО ТЖД басшылығы ресейлік әріптестеріне орман өртін ауыздықтауда көп көмек көрсетті. Семей қаласының өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері, жеке құрамның 20 адамы бірнеше күн бойы Алтай өлкесіндегі орман алабында өршіп жатқан жалынды ауыздықтауға барлық күш-жігерін сарп етті. Ресейліктер авиацияның көмегімен өртті әуеден өшірсе, қазақстандықтар жерде арпалысты. Жұмыла жүзеге асырылған іс-қимылдың арқасында өртті ауыздықтауға мүмкіндік туды.

Соңғы жаңалықтар