ШҚО полицейлері есірткі сатқаны үшін медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімінің бастығын қолға түсірді

ПЕТРОПАВЛ. Наурыздың 12-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысы ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі облыстық басқарманың қызметкерлері ШҚО бойынша халықты әлеуметтік қорғау және бақылау жөніндегі облыстық департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімінің бастығын есірткі түрлерін өткізу кезінде құрықтады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармаға облыстық жүйке аурулары дипансерінде лақап аты «Доктор» дейтін белгісіз біреудің героин сатумен айналысатындығы туралы шұғыл ақпарат келіп түседі. Наурыздың 11-індегі шұғыл-іздестіру шараларын өткізу кезінде есірткі сатқан А. деген азамат қолға түсті. Тексеру кезінде оның қалтасынан ақша, сондай-ақ героин табылған. Ұсталған азаматтың ШҚО бойынша халықты әлеуметтік қорғау және бақылау жөніндегі облыстық департаменттің медициналық-сараптау бөлімінің бастығы екендігі анықталды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғау үшін материалдар жинастырылуда. Жыл басынан бергі мерзімде СҚО полицейлері 60 есірткі сатушыны ұстаған, соның нәтижесінде 43 килә түрлі есірткі заңсыз айналымнан алынды.
Соңғы жаңалықтар