ШҚО прокуратурасы мекемелердегі өрт қауіпсіздігі шараларының орындалмау фактілерін ашты

ӨСКЕМЕН. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Облыс прокуратурасы балабақшалардағы, мектептердегі, интернаттардағы және медициналық мекемелердегі қажетті өрт қауіпсіздігі шараларының орындалу мән-жайын тексерді. Үнемі көп адам жиналатын ұйымдардағы қауіпсіздік нормаларының бұзылуы көптеген нысандарда анықталды,
None
None

деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Өрт қауіпсіздігі нормаларына атүсті қарау адамдардың мерт болуына, материалдық шығындарға және өртті жоюдағы үлкен шығындарға әкелетіні белгілі. Мысалы, тек өткен демалыс күндері ғана аймақта 30 өрт болды.

Қыркүйекте  қажетті өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын төтенше жағдайлар мамандары 15 балабақшада, 39 мектепте, 6 интернатта және 17 медициналық мекемеде тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша 35 басшы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Соңғы жаңалықтар