ШҚО Тарбағатай ауданының тұрғындары барша қазақстандықтарды батысқазақстандықтарға қолдау көрсетуге шақырды

ӨСКЕМЕН. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - ШҚО Тарбағатай ауданының тұрғындары барша қазақстандықтарды батысқазақстандықтарға қолдау көрсетуге шақырып, ел азаматтарына Үндеу қабылдады.
None
None

Тарбағатай ауданының тұрғындары табиғат апаты кезінде мұндай қиындықты кезінде өздері де басынан өткеріп, оның тауқыметінен хабардар.

Үндеуде олар, өткен жылдың көктем айында өздерінің де табиғат апатынан зардап шегіп, бір мезетте баспанасы, үй-жайы мен мүлкінен айрылып қалғанын жазады. Сондықтан да мұндай қиындық оларға етене таныс.

Өз кезегінде, Тарбағатай кәсіпкерлері кеше батысқазақстандықтарға көмек ретінде 5 миллион теңге көмек жинады және ол көмектің тек бастамасы деп отыр.

Кеше Көкжыра ауылының тұрғындары барша қазақстандықтарды БҚО апат құрбандарына өздерінің бір күндік жалақысын аударуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум