21:49, 30 Мамыр 2016 | GMT +5
ШҚО тұрғыны Түркиядағы 9 млн теңгелік жылжымайтын мүлікін жекешелендірді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында Жария ету науқанында 534,5 млн.теңге ақша жария етілді, деп хабарлады ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасынан.

Сондай-ақ, аймақта Түркияда орналасқан құндық бағасы 9 млн. теңгеге жуық жылжымайтын мүлік заңдастырылды.
«Енді, жария етілген ақшаны кез келген уақытта шоттан қайта алып, еш үрейсіз өз қалауы бойынша еркін пайдалануға болады, өйткені Заң бойынша жария ету субъектілері туралы кез келген мәлімет заңмен қорғалып, таратылуға жатпайды», делінген хабарламада.