ШҚО Зайсан ауданына жаңа әкім тағайындалды

Темірбек Қасымжанов 1957 жылғы 20 тамызда ШҚО Зайсан ауданы Жарсу ауылында дүниеге келді.
1981 жылы «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша Томск инженерлік-құрылыс институтын, 1998 жылы «Инженер-экономист, менеджер» мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын Зайсан ауданы Қарабұлақ совхозында жұмысшы болып бастады. ЖОО-ны аяқтағаннан кейін ШҚО ТКШ инженері, жетекші инженері болды.
Өскеменнің Октябрь аудандық әкімдігінде, облыс орталығының басқа да құрылымдарында басшының орынбасары, бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды. 2001-2008 жылдары ШҚО құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, кейіннен бастығы болды.
2008 жылғы тамыздан бастап 2009 жылғы наурыз аралығында Өскемен қаласының әкімі болды. 2009 жылғы сәуірден бастап 2013 жылғы мамырға дейін Жарма ауданының әкімі, сосын 2016 жылғы сәуірге дейін Өскемен атқарушы билігін қайта басқарды.