17:27, 04 Мамыр 2011 | GMT +5
Шопан Мойынқұмда авиабомба тауып алды
ТАРАЗ. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Кеше, 3 мамыр күні Мойынқұм ауданының өрт сөндіру бөліміне Мойынқұм ауылында тұратын азамат телефон шалып, Сасықөзек арығынан авиабомбаға ұқсас зат тауып алғанын хабарлаған.

Бұл туралы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол жарылғыш затты Мойынқұм стансысынан үш шақырым жерге мал айдаған кезде тауып алған. Оқиға орнына 17-ші өрт сөндіру, төтенше жағдайлар бөлімдерінің жедел тобы, дәрігерлер, прокуратура өкілдері, аудандық ішкі істер бөлімі мен Мойынқұм ауданы әкімдігінің өкілдері барды.
Анықталғанындай, табылған заттың ұзындығы 110 см, диаметрі 30 см, стабилизаторы бар.
Бомба табылған орын қоршауға алынып, «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығының саперлері келгенше Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері оны күзетке алған.