Шортанды кентінде жылына 60 тонна қаз етін өндіретін құс фабрикасының құрылысы жүргізілуде - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Шортанды кентінде жылына 60 тонна қаз етін өндіріп, өңдейтін құс фабрикасының құрылысы жүргізілуде.
None
None

Бұл туралы кеше аймақ басшысы Сергей Кулагиннің аталған ауданға жұмыс сапары барысында айтылды.

Бұл жобаны «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы «Белая Лилия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Салынып жатқан жаңа құс фабрикасының құны 73,9 миллион теңгені құрайды. Оның 20 миллион теңгесі несиелік қаражат.

Кәсіпорын басшысы Дияр Махпировтың айтуынша, фабриканың құрылысы 2015 жылдың 4-ші тоқсанында қолға алынып, қазір қызу жүргізілуде.
«Осы күні қажетті коммуникация жүйесі де тартылып, құс қорасы, әкімшілік-тұрмыстық кешен, сою және өңдеу цехы салынды. Кәсіпорынды 2016 жылдың шілдесінде іске қосу жоспарланып отыр. Өнім негізінен облыстың өзге аудандары мен Астана қаласына жеткізілетін болады», дейді Д.Махпиров.

1 2 3 4 5 6

Соңғы жаңалықтар