14:22, 20 Қараша 2012 | GMT +5
Шри-Ланка Қазақстанның ЕХРО-2017 көрмесін өткізу кандидатурасына қолдау білдіреді
АСТАНА. 20. қараша. ҚазАқпарат - Шри-Ланка Қазақстанның ЕХРО-2017 көрмесін өткізу кандидатурасына қолдау білдіреді.
Бүгін Ақордада елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Президенті Махинда Раджапакс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескеннен кейінгі бірлескен мәлімдемеде осылай деді.
Айта кетерлігі, мәлімдеме барысында ҚР Президенті Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз ШЫҰ және басқа да ұйымдар саласында ынтымақтасуға келістік. Мен Шри-Ланканы АӨІСШК мүшесі болуға шақырдым», деген еді.
Өз кезегінде М.Раджапакс: «Мен Шри-Ланканың АӨІСШК-ге байқаушы мәртесін алуға шешім шығарғанын қуанышпен хабарлағым келеді. Біз Азия елдерінің өзара іс-қимылдарын нығайту үшін тығыз ынтымақтастықты бастауға ниеттіміз», деді.