Штаб басшылары комитетінің төрағасы Ж.Жасұзақов Қытай Төрағасының орынбасары Си Цзиньпинмен кездесті

БЕЙЖІҢ. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қорғаныс министрлігі Бас штаб басшылары комитетінің төрағасы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов бастаған қазақстандық әскери делегация бүгін Бейжіңде Тяньаньмэнь алаңында гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
None
None

Одан кейін Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының үйінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің бас штаб басшыларының Қытай Халық Республикасы төрағасының орынбасары, Орталық әскери кеңес төрағасының орынбасары Си Цзиньпинмен кездесуі өтті.

«ШЫҰ елдері бас штаб басшылары кеңесінің форматы Ұйымның институционалдық дамуына қосылған үлес деп санаймын, оның жұмысы ұйымның дамуына қосымша серпін береді. Шанхайда бүгін өткелі отырған ШЫҰ бас штаб басшыларының кеңесі өзара түсіністікті, достықты, сондай-ақ Ұйымға мүше елдердің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді», - деп атап көрсетті Си Цзиньпин өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар