14:21, 25 Қараша 2014 | GMT +5
Шу қаласында екі бала иіс тиіп ажал құшты
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Соңғы үш тәулікте өңірдің 6 тұрғынына иіс тиді, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

«Шу қаласындағы жеке тұрғын үйде иіс тиіп бір және екі жасар 2 бала көз жұмды, ал 4 жасар қыз Шу қалалық ауруханасына жеткізілді. Сонымен қатар, Рысқұлов ауданы Көгершін ауылында екі, үш және бес жасар балаларға иіс тиді. Олар Құлан ауылындағы аудандық орталық ауруханаға жеткізілді», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Облыстық ТЖД қызметкерлерінің айтуынша, бұл келеңсіз жағдайлар табиғи газбен жанатын пештердің ақаулықтары салдарынан орын алған.