Шу қаласында тұратын кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған азамат ұсталды

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық криминалдық полция қызметкерлері бір топ сыбайластарымен Шу қаласының 36 жасар кәсіпкерінің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған Алматы облысының 33 жасар азаматын ұстады.
None
None

Бұл оқиға жайлы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.

 Биылғы жылдың ақпан айында белгісіз бір топ азамат түнгі уақытта кәсіпкердің екіқабатты коттеджінің пластикалық терезесін бұзып кіріп, үй иесі, кәсіпкер әйелді және оның анасы мен 2 бейтаныс азаматты қарумен қорқытып, құны 1,5 миллион теңге болатын ақша мен құнды заттарды алып кеткен. Қазіргі таңда ұсталған азамат қамауға алынды, сыбайластары іздестірілуде.

Соңғы жаңалықтар