18:34, 17 Қазан 2016 | GMT +5
Шу өзенінен жоғалып кеткен Жамбыл облысының тұрғыны іздестірілуде
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы тұрғынының жоғалып кетуіне байланысты, Шу өзенінде суға сүңгу-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Жамбыл облысы ТЖД «Ерекше құтқару жасағы» ММ күштері Шу ауданы Шу өзенінде 28 ықркүйек күні белгісіз жағдайда жоғалып кеткен 53 жастағы ер адамды іздестірді», - деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.
Іздестіру жұмыстарына 4 адам және бір техника жұмылдырылды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әзірге іздестіру жұмыстары еш нәтиже берген жоқ және ары қарай жалғаса береді.