ШҰҒЫЛ: 4 ЖСДП мүшесі «Ақжолға» ауысты
Алматыда өткен баспасөз мәслихатында хабарлағандай, «Азат» ЖСДП Алматы облыстық филиалының бұрынғы жетекшісі Нұрлан Айшымбаев және филиал кеңесінің мүшелері Марат Ірғалиев, Ермек Мырзахметов және Нұрлан Шудабаев мұндай қадамға «ЖСДП республикалық басшылығының саясатынан партияның қатардағы мүшелерінің түңілуі» себеп болған.
Атап айтқанда, партияластар ЖСДП кейбір көшбасшыларының қатардағы партия мүшелерінің мұқтаждарынан аулақтап, «көсемшілікке» бой ұруына, жергілікті жерлердегі жағдайды білметініне риза емес екенін білдіреді. Партия белсенділері сайлауалды науқан кезінде ЖСДП нақты адамдардың тағдыры ойландырмайтын, өздерінің жеке мүдделері үшін билікке ұмтылған жеке адамдарды жарнамалауға ойысуда деп санайды. «Бүгінде Талдықорғанда партияның тіпті штабы да жоқ. Біз бір жерлерде жаңа штаб ашылғанын, оның басшылығында мүлдем жаңа адамдар отырғанын үшінші біреулерден біліп жатырмыз, ал біз олардың кандидатураларын ешуақытта қолдаған жоқпыз», - деп журналистермен өз пікірімен бөлісті Марат Ірғалиев.
«Біз басшылықтың аузынан көптеген сөздерді естиміз, ал жұмыс болса, көптен бері тоқтап тұр. Мысалға Әміржан Қосанов партияға, шамасы, өз адамы болуы керек, мүлдем жаңа адамды әкеліп, оны филиал төрағасының міндетін атқарушы етіп отырғызды. Ал бізден сұраған да жоқ. Сонда партия демократиялық құндылықтарды жариялай отырып, кадрларды сайламайтын, керісінше, тағайындайтын болғаны ма?!», деді сөйлеушілер.