ШҰҒЫЛ: А.Винокуров Лондон Олимпиадасының екінші алтыны үшін таласады

АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Күні кеше топтық тас жол жарысында Лондон Олимпидасының алтынын қанжығасына байлаған велошабандоз Александр Винокуров уақытқа жарыста да ең жоғарғы наградаға қол созбақ.
None
None

Vesti.kz порталының хабарлауынша, бұл ақпаратты ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Спорт және жоғары жетістіктер департаментінің директоры Тастанбек Есентаев қуаттаған.

«Александр Винокуров қазір бағдарлама бойынша жаттығуда. 1 тамыз күні ол Асан Базаевпен бірге уақытқа жарысқа қатысады. Қазір ғана машинаға тапсырыс бердік. Сондықтан барлығы да жоспар бойынша, өзгеріссіз өтеді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар