ШҰҒЫЛ: Алматы облысында жол апатында 3 адам ажал құшты

ТАЛДЫҚОРҒАН. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы облысының Ұйғыр ауданы, «Ақсай-Шонжы-Қолжат» тасжолының 48 шақырымында жол апатында үш адам мерт болды, төртіншісі ауруханаға жеткізілді.
None
None

Мамырдың бірінен екісіне қараған түні «Ауди-100» көлігінің 21 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, көліктің аударылуына жол берді.

Екі ер адам мен қос бойжеткен ыстық бұлақтарға демалысқа бет алған болатын. Бұрылыстардың бірінде жүргізуші көлік тізгіне ие бола алмай, жолдан ұшып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, «Аудидің» жүргізушісі қиын маневрға кіріскен кезде жылдамдық ережесін бұзған.

Зардап шеккендердің барлығы Панфилов ауданының тұрғындары. Жол-көлік апатында аман қалған бір адамның жағдайы тұрақты ауыр күйінде қалуда.

Соңғы жаңалықтар