08:19, 29 Сәуір 2013 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Алматылық ауыр атлетшілердің аға бапкері Ташкентте өлі күйінде табылды
ТАШКЕНТ. 29 сәуір. ҚазАқпарат -Алматы қаласы зілтеміршілерінің аға бапкері Өзбекстан астанасында өлі күйінде табылды.

Жексенбі, 28 сәуір күні ауыр атлетикадан аға бапкер Данияр Өтешев өзінің қонақүй бөлмесінде өзі-өзіне қол салу белгілерімен өлі табылды.
Оқиға орнына жеткен Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігі қызметкерлерінен белгілі болғандай, жаттықтырушы 10 адам көлеміндегі спортшылар тобымен екі апталық оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін 22 сәуір күні Өзбекстан астанасына келген. Сондай-ақ дипломаттар қазіргі уақытта Ташкент қаласының прокуратурасынан тергеу тобы және сот-медициналық сарапшылар тобы жұмыс істеп жатқандығын мәлім етті.
Қазақстандық спортшылардың айтуынша, жексенбі күні таңертең олардың бапкерлері бас ауруына шағымданған. Кейін, күннің екінші жартысында команда мүшелері оның қонақүй бөлмесіндегі есігін бұзып кіріп, оны өлі күйінде тапты.