ШҰҒЫЛ: Атырау облысының екі ауданында адамдар бруцеллезге шалдықты

АТЫРАУ. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Атырау облысында бруцеллез індеті тіркелді.
None
None

Облыстың эпидемиологиялық қадағалау департаментінен хабарлағандай, шалғайдағы Қызылқоға ауданында осы індетті жұқтырудың 5 оқиғасы анықталды. Тағы бір жағдай - Атырауға іргелес Махамбет ауданында болды. Барлық жағдайда да адамдар біле тұра ауру малдың етін пайдаланған.

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, олар малдың бруцеллезге ұшырағанын адамдар жұқтырып алғаннан кейін білген. Қазіргі кезде ауру мал анықталып, көзі жойылды. Алайда аурудың таралу қаупі сақталып отыр.

Соңғы жаңалықтар