ШҰҒЫЛ: Атырауда 24 жастағы қыз лифт шахтасына құлап, мерт болды

АТЫРАУ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Атырауда 1989 жылы туған қыз лифттің шахтасына құлап, қаза болды.
None
None

Төтенше жағдай сейсенбі күні «Алмагүл» жаңа ықшамауданындағы 16 қабатты тұрғын үйлердің бірінде орын алды. Куәгерлердің айтуына қарағанда, лифт 8 бен 7-інші қабаттардың арасында тұрып қалған. Одан шығуға әрекеттенген қыз биіктігі бірнеше метр шахтаға құлап кеткен. Оқиға орнына ТЖД өкілдері, медицина қызметкерлері шұғыл түрде жеткенімен, олардың көмегі қажет болмады. Қайғылы оқиға орын алған үйге қала әкімі Серік Айдарбеков те келді.

Оқиғаның себептері анықталу үстінде. Алайда «Алмагүл» ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары лифт шаруашылығының нашар жағдайына бірнеше мәрте шағымданғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар