ШҰҒЫЛ: Атырауда резерваттан шыққан өрт қалаға жақындай түсті

АТЫРАУ. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Атырауда «Ақжайық» табиғи резерватындағы қамыс қопасы өртке оранып, жалын қаланың ықшам аудандарына таяп келеді. Тұрғын үйлердің үшінші қабатынан түтіннің будақтары көрінеді.
None
None

Айта кеткен абзал, табиғи қорық аумағында 23 сәуір күні өрт шыққан. Тілсіз жауды ауыздықтауға баппақты жер кедергі келтірген-ді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жалын қамыс қопасының 25 гектарға жуығын жайпады. Бүгінгі таңда өрт сөндірілді.

Алайда Еркінқала ауылдық округінің әкімі Ерғали Тапановтың сөзіне сүйенсек, бұған дейін бірнеше жерде ауыздықталған жалын басқа учаскелерге де тарап кеткен. Енді тілсіз жау біртіндеп облыс орталығының маңына табандап келеді.

Соңғы жаңалықтар