ШҰҒЫЛ: Атырауда шекарашы қызметтесін АК-74 автоматымен жарақаттады

АТЫРАУ. 19 қазан. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғатты қорғау резерватының аумағындағы «Еуразия» шекара бекетінің учаскесінде шекарашы қызметтесін жарақаттады.
None
None

Батыс өңірлік әскери прокурорының орынбасары Руслан Алмахановтың сөзіне қарағанда, барлау іздеу тобының құрамындағы әскери қызметкерлер мемлекеттік шекараны тексеріп жүрген. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2016 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша сержанты АК-74 автоматын қайта оқтамақшы болып, абайсызда атып жіберген. Салдарынан келісімшарт бойынша қызмет ететін кіші сержант жарақаттанды. Жараланған азамат жедел түрде ауруханаға жеткізілді.

Аурухананың дәрігері Мұрат Құлбасов мәлім еткендей, келіп түскен азамат «сол жақ жамбасын тесіп өткен оқ жарақаты және он жақ жамбасының жанама жарақатын алды. Өткізілген отадан кейін шекарашының денсаулығы - қалыпты».

Батыс өңірлік әскери прокуратурасы тергеуалды тексерісті жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар