17:49, 16 Сәуір 2013 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Атырауда жол-көлік апатынан бес студент қаза тапты
АТЫРАУ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау облысында автокөлік апатынан 5 адам қаза тапты.
Апат талтүсте Бейбарыс ауылы маңында «Атырау-Орал» тас жолында орын алды. «Фольксваген-Шаран» және «Приора» автокөліктері қарама-қарсы соқтығысып қалды. Соққыдан «Приора» жана бастады. Автокөліктегі бес студент қаза тапты. «Фольксвагендегі» адамдар ауруханаға жеткізілді.