17:54, 16 Сәуір 2013 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Атырауда жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза болғандар саны 7-ге жетті
АТЫРАУ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау облысында болған автокөлік апатынан қаза болғандар саны 7 адамға жетті.
Естеріңізге сала кетейік, апат тал түсте Бейбарыс ауылы маңында «Атырау-Орал» тас жолында орын алды. «Фольксваген-Шаран» және «Приора» автокөліктері бетпе-бет соқтығысты. Соққыдан «Приора» отқа оранды. Автокөліктегі бес студент қаза тапты. «Фольксвагендегі» екі адам да жантәсілім етті, ал тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.