ШҰҒЫЛ: Атыраудың «Привокзальный» шағынауданында жарылыс болды

АТЫРАУ. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Атырауда «Привокзальный» шағынауданында көпқабатты үйлердің бірінің ауласында жарылыс болды.
None
None

Оқиға орнына ТЖД, құқық қорғау қызметкерлері, жедел жәрдем бригадасы келді. Оқиғаның себебі және зардап шеккендер туралы толық мәліметтер әзірге жоқ.

Дегенмен оқиға орнынан жарылған оттегі баллоны алынды.

Баллон 1,5 метрге жуық тереңдіктен алынды, оны 2011 жылы құрылысшылар қалдырып кеткен болуы керек. Жарылыстың себебі содан болуы мүмкін деген болжам айтылуда.

Соңғы жаңалықтар