15:40, 07 Тамыз 2012 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Байдаркада ескек есу сайысында Наталья Сергеева жартылай финалға өтті
АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарында 500 метрлік қашықтықта жеке дара байдаркада

ескек есу сайысында Қазақстан ұлттық құрамасының басты үміті Наталья Сергеева жартылай финалға өтті.
1:54.445 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кескен ол, өз тобында үшінші келді.
Екі баланың анасы Наталья Сергеева 1976 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Халықаралық санаттағы спорт шебері. Ұзақ уақыт Армияның спорт комитеті орталығы атынан өнер көрсеткен ол қазіргі уақытта Алматының Динамо командасы атынан жарыс жолына шығып жүр. Айта кетерлігі, бұл спортшы өткен жылы өте тамаша өнер көрсетіп, әлем кубогының үш кезеңінде бір алтын, екі күміс медальді еншіледі. Ал әлем чемпионатында беларусь спортшысымен өткен жарыста жарты секундқа кейін қалып, жүлделі үшінші орынан қағылды.