09:31, 12 Қараша 2012 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Бүгін Челахтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы өтеді
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін, 14 адамның өлімі болған «Арқанкерген» шекара бекетіндегі оқиғаға байланысты алдын ала сот отырысы өтеді.
Құқық қорғаушы Серік Сәрсеновтың айтуынша, Талдықорған қаласында болатын сот жабық түрде өтпек. Владислав Челахтың өтініші бойынша оның ісін алқа билер соты қарайтын болды. Бүгінде В.Челахтың өзі мемлекеттік адвокаттың қызметіне сенімсіздік танытып, одан бас тартпақшы. Бұған дейін ол құқық қорғаушы Төлеген Берлікожановтан да бас тартқан болатын.