ШҰҒЫЛ: Доссор-Құлсары-Бейнеу автожолындағы апат салдарынан 3 адам қаза тапты

АТЫРАУ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Атырау облысында жол-көлік оқиғасы үш адамның өмірін қиып кетті.
None
None

Облыс ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарованың хабарлауынша, қайғылы оқиға Доссор-Құлсары-Бейнеу автожолында орын алды. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі «Урал» машинасымен соқтығысқан. Осының салдарынан жеңіл көліктегі 57 және 37 жастағы әйелдер мен 49 жасар ер азамат көз жұмды. Тағы бір жолаушы Құлсары аудандық ауруханасына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар