ШҰҒЫЛ: Илья Ильин Олимпиада чемпионы, ол Олимпиада, әлем рекордын жаңартты

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Лондон Олимпиадасында 94 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан Илья Ильин Олимпиада чемпионы атанып, Қазақ елінің ұлттық құрама қоржынына бесінші алтын медальді салды.
None
None

Алғашқы жаттығуда біздің зілтеміршіміз Илья Ильин 185 келіні бағындырып, екінші орынға тұрақтады. Ал оның басты қарсыласы ресейлік Александр Ивановта дәл осы салмақты бағындырған болатын. Алайда оның салмағы Ильядан сәл жеңіл болуына орай бірінші орынға шыққан еді.

Серпе көтеру сайысында Ильяның алдын ешкім орай алмады. Ол бұл жаттығуда Олимпида және Әлем рекордын жаңартты. Серпе көтеруде біздің зілтемірші 233 келіні еркін көтерді. Қорытынды ұпай - 418. Сонымен қатар Илья серпе көтеру жаттығуында Олимпиада рекордын, ал қос жаттығу қорытындысында Әлем рекордын жаңартты. Осылайша екінші мәрте Олимпиада чемпионы атанған зілтеміршімізді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жарыс аяқтала салысымен телефон шалып, құттықтады. «Телефон шалып, құттықтаған Нұрсұлтан Әбішұлына, Қазақстан халқына рахмет!», дейді жеңіске жетіп шаттанған жеңімпаз жерлесіміз.

Ал екінші зілтеміршіміз А.Өтешев қос жаттығудың нәтижесінде 395 келіні бағындырып, жетінші орынға тұрақтады.

94 келіге дейінгі салмақ санатында өнер көрсететін Илья Ильин Олимпиада чемпионы, әлемнің ерлер арасындағы 3 дүркін, жастар арасындағы 2 мәрте чемпионы. Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатында ол 410 келіні бағындырды: жұлқа көтеруден - 180, серпе көтеруден - 230 келі.

Соңғы жаңалықтар