13:14, 18 Наурыз 2013 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Қапшағайда өлтірілген және жараланған әскери қызметшілер ҚР ҚМ 58012 әскери бөлімінің офицерлері болып шықты
ТАЛДЫҚОРҒАН. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Қапшағай қаласында өлтірілген әскери қызметші ҚР Қорғаныс министрлігі 58012 әскери бөлімі техникалық взводының командирі болып шықты.

Бұл туралы Қапшағай қалалық прокуратурасынан хабарланды.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, 17 наурыз күні таңғы сағат 5-те Қапшағай қаласының орталық қалалық ауруханасының жедел-жәрдем кезекшісінен қалалық әкімдіктің жанынан «жәдел-жәрдем» көлігіне құрсақ қуысына түйреліп-кесілген жарақаты бар ҚР ҚМ 58012 әскери бөлімі инженерлік-бүркеніш взводының командирі Аман Қамаров отырғызылғаны хабарланды. Ол аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді.
Сондай-ақ оқиға орнынан 58012 әскери бөлімі техникалық взводының командирі Нұржан Тоқтамысовтың мәйіті табылды. Оның денесінен үш рет сұғылған пышақ жарақаттары табылды.
ҚР ҚК-нің 96-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.