ШҰҒЫЛ: Қарағанды облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады, бір адам қаза болды
Оның басқаруында ұшқыш - бөлімшенің командирі полковник М.О.Едігеев пен штурман - оның орынбасары майор Р.Р. Галымзянов болды. Ұшақтың құлауы кезінде экипаж катапульталанды.
50185 әскери бөлімшесінің жердегі-іздестіру құтқару командасы жүргізген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде апат орнында полковник М.О.Едігеевтің мәйіті мен штурман Р.Р.Галымзянов табылды. Галымзяновқа медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнында Бас әскери прокуратураның, Орталық аймақтық Әскери-тергеу басқармасының шұғыл-тергеу тобы және авиациялық апаттарды тергеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істеуде.
Аталмыш факті бойынша Орталық аймақтық әскери прокуроры Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 392-бабында қарастырылған «ұшу немесе оған дайындық ережелерін бұзу) қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тергеу жүргізілуде.