ШҰҒЫЛ: Қарағанды облысында төбет ит 6 жасар қызды талап өлтірді

ҚАРАҒАНДЫ. 1 шілде. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында кавказ төбеті талап тастаған 6 жасар бүлдіршін жан тапсырды.
None
None

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қзыметінен хабарлады.

Қайғылы оқиға 30 маусым күні Абай ауданы Юбилейный ауылында орын алды.

«Абай қалалық ІІБ-ге Юбилейный ауылында «кавказ овчаркасы» тұқымды ит 6 жастағы баланы талап тастағаны туралы хабар түсті. Бүлдіршін жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді, бірақ балғын көз жұмды», - делінген таратылған хабарламада.

Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, қыз анасымен бірге таныстарында қонақта болған. Баланы байланып тұрған ит талап тастаған.

Соңғы жаңалықтар