10:39, 16 Сәуір 2013 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Қарағандыда полиция қызметкері өзін табельдік қарудан атып өлтірді
ҚАРАҒАНДЫ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағандыда 25 жастағы патрульдік полиция қызметкері табельдік қарудан оқ атып, өз-өзіне қол салды.
Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Оқиға бүгін түнде Қарағанды қаласының Октябрь ауданында болды.
«16 сәуір күні сағат 00.45-те Қарағанды қалалық ІІБ патрульдік полиция полкінің 25 жастағы қызметкері өзінің Бирюзов көшесіндегі Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының маңында тұрған «Ауди» көлігінің ішінде шеке тұсына тіркелген табельдік қарудан оқ атты. Алған жарақаттан ол сол жерде қаза болды», - деп мәлім етті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Аталмыш факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ведомствоның таратқан мәліметіне қарағанда, ер адам ішкі істер органдарының сапында 2012 жылдың сәуірінен бастап қызмет етіп келді.