ШҰҒЫЛ: Қызылорда облысында жол-көлік апатында 5 адам қаза тапты

АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Шиелі ауданында Шымкент-Самара тас жолындағы Бәйгеқұм стансысында кеше сағат 03:10-да 22 жастағы ер адамның жүргізуіндегі «Опель» көлігі мен 57 жастағы ер адам жүргізген КамАЗ соқтығысты.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Жол апатының салдарынан «Опель» көлігінің жүргізушісі мен оның 23, 25, 27, 20 жастағы жолаушылары оқиға орнында қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар