20:07, 21 Сәуір 2014 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Қызылордада газ балоны жарылып, үш адам жарақат алды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін кешкі сағат 17.15 шамасында Қызылорда қаласының іргесіндегі Талсуат елді мекеніндегі жеке үйлердің бірінде газ балоны жырылып, нәтижесінде үш адам жарақат алды,деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
Жеке пайдаланудағы үлкен газ балонының жарылуынан үйдің бір қабырғасы түгелдей құлаған. Жарылыс соңы жалынға ұласпаған. Апаттан үй тұрғындары 1965, 1966, 1980 жылғы азаматтар түрлі дәрежедегі күйік жарақатын алып қалалық ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиғаның себебін анықтау үстінде.