ШҰҒЫЛ: Мәжіліс депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партиялардың теледидар арқылы пікірсайыстары өтеді - ОСК

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері кезекті отырыс барысында «Бесінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының сайлауында партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың саяси пікірсайысын ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады.
None
None

Отырыс барысында аталмыш құжат бойынша баяндама жасаған Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменованың айтуынша, қаулы талаптары бойынша партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың саяси пікірсайысы биылғы жылдың 12-ші қаңтарында өтеді. «Сондай-ақ қаулы талаптарына сәйкес, пікірсайысты теледидар арқылы өткізудің тәртібін Орталық сайлау комиссиясы айқындады. Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы бағдарламалары мәселелері жөніндегі саяси пікірсайыс олардың келісімімен өткізіледі. Телепікірсайыста сөз сөйлеу реті ОСК-ның партиялық тізімдерді тіркеу кезегіне сәйкес болады. Пікірсайысты ОСК-ның тапсырысымен қазақ және орыс тілдерінде «Хабар» республикалық телеарнасы түсіріп,  сайлаушылардың назарына ұсынады», - деді ОСК мүшесі.

Оның айтуынша, пікірсайысқа партиялық тізімін ұсынған әрбір саяси партиядан бір-бір өкілден шақырылады. Пікірсайыс «Экономика еліміздің жетістігінің негізі» және «Қазақстанда адамзаттық капиталды дамыту» тақырыптары бойынша, осыған дейінгі Парламент сайлауларындағы тәртіппен өтеді», - деді Л.Сүлеймен.

Соңғы жаңалықтар