13:39, 08 Мамыр 2013 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Мектеп оқушысы кеудесіне тиген оқтан ажал құшты - Алматы облысы
ТАЛДЫҚОРҒАН. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Қаратал ауданы Үштөбе қаласының орталық саябағында кеше түскі сағат 14.00-де 9 сыныптың екі оқушысының арасында дау-дамай туындап, оның соңы төбелеске ұласқан.

Қаратал аудандық прокуроры Құралбек Шойбековтың айтуынша, Жамбыл ауданынан туыстарына қонаққа келген 1997 жылғы жасөспірім Үштөбе қаласының 1998 жылғы тұрғынының бетінен ұрған. Соққыдан жерге құлаған ол, қалтасындағы травматикалық қаруын алып, зәбір көрсетушіні атқан.
Жарақаттанған бала аудандық ауруханаға жеткізілді. Алайда ол сол күйі есін жимай, жан тапсырды. Дәрігерлердің тоқтамына қарағанда, жасөспірімнің жүрегі кеуде қуысына қатты тиген соққыдан тоқтаған.