ШҰҒЫЛ: ОҚО-ның Сайрам ауданында 300-ден астам ауланы су басып қалды

ШЫМКЕНТ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында 300-ден астам ауланы су басып қалды.
None
None

Су астында қалған ауылға ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко келді.   

Апта басында Жаңаталап ауылының аумағы бойынша өтетін арнаға еріген қар суы толып қалған. Аудан әкімдігінің мәліметтері бойынша, тасқынды сулар 336 ауланы және 136 үйді басып қалды, 8 шаруашылық құрылыс қирады. 40-қа жуық отбасы қауіпсіз аумаққа көшіріліп, мектеп ғимаратында дайындалған уақытша тұрғын-жайға орналастырылды. Сайрам ауданының әкімі Уәлихан Қайназаровтың сөзіне қарағанда, ауа райының салдарынан тұрғындардың қираған құрылыстары үшін өтемақы жергілікті - аудандық бюджеттен төленетін болады.

Сондай-ақ, арықтардың суға толуынан Шымкенттің шеткері аумақтарының: Забадам, Карл Маркс атындағы кент пен Құрсай тұрғындары зардап шекті. Елді мекендерде 30 мыңға жуық адам тұрады. Әзірге қираған үйлер жоқ, алайда 14 үйдің қабырғасы жарылып, жертөлелері суға толды. Шағынаудандардың тұрғындарымен сөйлесу барысында, В. Божко одан арғы су басу жағдайларының алдын алу үшін жасалып жатқан іс-шаралар туралы айтып берді.

Су басу жағдайлары орын алғалы бері зардап шеккен елді мекендердің тұрғындарынан көмек көрсету туралы 109 қоңырау түсті. Төтенше жағдайлар министрі жергілікті билік өкілдеріне келіп түскен әрбір хабарға жіті назар аударуды тапсырды.  

Соңғы жаңалықтар