ШҰҒЫЛ: Оралда 50 оқушы жұқпалы аурулар ауруханасына түсті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертеңнен бастап дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернаты кешенінен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 50 оқушы түсті.
None
None

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олардың жағдайы орташа ауыр дәрежеде. Бәріне де қажетті медициналық жәрдем көрсетілуде.

Қазіргі кезде оқиға орнында және қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында мамандар, прокуратура өкілдері жұмыс жасауда. Балалардың неден ауырғаны анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар