ШҰҒЫЛ: Парақор-қызметтесін ұстау кезінде шекарашылар Павлодар қаржы полициясының қызметкерлеріне қарсылық көрсетті
Аталмыш қызметкердің бірнеше мәрте ағымдағы жылдың 1,7,11 және 15 қазанында халық тұтынатын тауарды мемлекеттік шекарадан Ресей Федерациясына еш кедергісіз өткізгені үшін бір азаматтан 20 мың теңге мөлшерінде пара алғаны анықталды.
Кезекті пара алу кезінде қаржы полициясының қызметкерлері лауазымды қызметкерді қылмыс үстінде ұстаған. Алайда, «Орлытөбе» шекара қосынының әскери қызметкерлері парақорды қылмыстық тергеу органдарынан қорғамақ болып, қарсылық көрсеткен.
Қаржы полициясы қызметкерлеріне дене жарақаттары жасалған, қылмыстың барысы жазылған аудио және бейнежазба құрылғылары жарамсыз болып, заттай дәйектер жойылған.
Осылайша, тексеру кезінде оқиға орнында болған 12 әскери қызметкерге басқа ауысымдағы қосымша тағы 20 шекарашы келіп қосылды. Резеңке таяқпен қаруланған шекарашылар қаржы полициясы қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, қосыннан қуып шыққан.
Қазіргі уақытта облыстық қаржы полициясы органдары «Орлытөбе» шекара қосынының әскери қызметкеріне қарсы ағымдағы жылғы 16 қазанда бопсалау жолымен бірнеше рет пара алу фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғады.
Оған қоса, ҚР ІІМ Шығыс әскери-тергеу басқармасы Павлодар тобының тергеу құрылымы 16 қазанда ҚР ҚК-нің 321 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.