ШҰҒЫЛ: Шымкенттің ірі базары түгел дерлік жанып кетті

ШЫМКЕНТ. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Шымкенттің «Бекжан» базары түгел дерлік отқа оранды. Өрт туралы ақпарат бүгін таңертеңгі сағат 4-тен 4 минут кеткенде келіп түсті.
None
None

Мәлім болғандай, өрт тек сағат 8-де сөндірілді. Оқиға орнында 29 арнайы көлік жұмыс істеді, сондай-ақ өрт сөндірушілерге қалалық коммуналдық шаруашылықтың қызметкерлері көмекке жетті.

Жалын шарпыған аумақ шамамен 4 мың шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебін құтқарушылар әлі айта алмай отыр. Бірақ саудагерлер бұл қасақана жасалуы мүмкін дегенді айтуда. Адамдарды қазір өтемақылар алаңдатуда. Олар базардың әкімшілік ғимаратына тастар лақтырған. Сатушылардың айтуынша, олардан жуырда ғана жылдық салық жиналып алынған. Көптеген сатушылар тауарларды сатып алу үшін банктерден миллиондап несие алған. Дегенмен, базар комменданты адамдарға ақшалары қайтарылатындығын уәде етті. 

Төтенше оқиға орнына таңертең Шымкент қаласының әкімі Қайрат Молдасейітов пен облыс әкімінің орынбасары Болатбек Әлиев барды. Облыс әкімінің орынбасары мәлім еткендей, бұл базарда бұған дейін өртке қарсы оқытулар жүргізілген, тіпті өртке қарсы қауіпсіздік сақталмағаны үшін айыппұл салынған, дегенмен өрттің шығу себептері жайлы айту әлі ерте.

Қалада арнайы комиссия құрылды, ол келтірілген шығын мен өрттің себептерін анықтауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар