ШҰҒЫЛ: Талдықорған қалалық сотында Владислав Челахтың ісі бойынша жарыссөздер басталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Талдықорған қалалық сотында өзінің 14 қызметтесін және «Тас Тау» аңшылық  шаруашылығының қорықшысын өлтірді деген айып тағылып отырған Владислав Челахтың ісі бойынша басты сот қарауы жалғасуда.
None
None

Осы уақытта сот залында жарыссөздер басталды. Қазір мемлекеттік айыптаушы Кемел Шаяхмет сөз сөйлеуде. Владислав Челахтың қорғаушысы Серік Сәрсенов өзінің жарыссөзде сөйлетін сөзін зерттеуге және оны құрастыруға уақыт беруді сұрады.  Судья Ербол Ахметжанов оған 10 желтоқсан күнгі таңертеңгі сағат 9-ға дейін уақыт  берді. С. Сәрсенов  қылмыстық істің материалын зерттеуге мемлекеттік айыптаушы мен жәбірленушілер тарапының жарыссөзі аяқталғаннан кейін кіріседі.

Соңғы жаңалықтар