ШҰҒЫЛ: Төртінші сынып оқушысы асылып өлді

ҚАРАҒАНДЫ. 12 шілде. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Қарқаралы қаласында 4-ші сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады.
None
None

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қарқаралыда 11 шілде күні сағат кешкі 9 шамасында 62 жастағы зейнеткер өзінің 12 жастағы немересін өз үйінің ауласындағы гаражда асылып қалған күйінде тапқан. Бұл оқиға бойынша тергеу жұмыстары қолға алынды», - делінген хабарламада.

«Баланың туыстарының түсіндіруінше, өз-өзіне қол жұмсаудың себептері болмаған, отбасында жанжалдар да орын алмаған. Қазіргі таңда бала білім алған мектептің ұстаздары мен оның сыныптастарынан жауап алынуда», - деп атап өтті облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар