ШҰҒЫЛ: Владислав Челахты жаңа адвокат қорғайтын болады

ТАЛДЫҚОРҒАН. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін шекарашы Владислав Челахтың ісі бойынша басты сот отырысы екі сағаттық үзілістен кейін адвокатсыз басталды.
None
None

Судья Ербол Ахметжанов ҚР ҚПК-нің 72 бабының негізінде бұдан кейін сотталушының мүдделерін басқа адвокат - Жұмағайша Саржанова қорғайтынын хабарлады.

Жоғарғы сот баспасөз қызметінің айтуынша, құқық қорғаушы материал істерімен танысты және ол құпия материалдарға қолжетімді.

 Естеріңізге сала кетейік, 30 қараша күні сот тыңдаулары кейінге қалдырылды. Оған сонымен бірге адвокаттардың болмауы себеп болды. Құқық қорғаушы Серік Естияров сотқа денсаулық жағдайына байланысты келмеді. Бұдан бір күн бұрын екінші қорғаушы Серік Сәрсенов те өзін нашар сезініп отырғанына шағымданып, сот залынан кетуге рұқсат сұрады.

Соңғы жаңалықтар