ШҰҒЫЛ: Жамбыл облысында 20 үйді су басты
«Су деңгейі 5-тен 20 сантиметрге дейін көтерілді. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, адамдарды қауіпсіз жерге шығару шаралары жүргізілмеді», - деді аудандық әкімдіктен.
Бүгінде ауылдық округ әкімдігі мен Қордай аудандық ТЖБ бірігіп, тазарту және суды арналар арқылы ағызып жіберу жұмыстарымен шұғылдануда.
Апаттан құтқару жұмыстарына Қордай аудандық құтқару қызметінің, құрылыс ұйымдарының, аудан әкімдігінің 30-дан астам қызметкері мен 10-нан астам техника тартылды.
Ауданда жедел штаб жұмыс істеуде, жағдайды, шығын көлемін бағалайтын комиссия құрылды. Кеңесші ретінде Тараз «Су шаруашылығын ғылыми зерттеу институтының» мамандары тартылды.
Су басуды жою бойынша қаржы бөлу мәселесі қаралуда, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.